Балабақша ойын алаңдары жаңарып, бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады
23.10.2026
"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Талапкер ауылының ""Әсем-Ай» бөбекжайы» МКҚК ойын алаңдарына жаңа шағын сәулет нысандары (МАФ) орнату жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде бүлдіршіндердің ойын алаңдары жаңарып, балалардың қызықты әрі белсенді уақыт өткізуіне қолайлы жағдай жасалды. Бұл – өскелең ұрпақтың игілігі үшін атқарылған маңызды істердің бірі. Осы игі бастамаға қолдау көрсетіп, жүзеге асуына атсалысқан Целиноград ауданының әкімі Д.С.Сапарғали мырзаға, аудандық білім бөлімінің басшысы Т.Б.Каратаевқа және ауыл белсенділеріне шынайы алғысымызды білдіреміз! Балалардың қуанышты күлкісі мен шат-шадыман көңілі – ортақ еңбегіміздің жемісі. Ауылымыздың көркеюіне, бүлдіршіндердің жайлы ортада тәрбиеленуіне үлес қосып жүрген азаматтарға зор денсаулық, еңбектеріне табыс тілейміз. Бірлесе атқарған іс – берекелі істің бастауы! Балаларымыздың бақытты балалық шағы үшін жасалған әрбір игі қадам жалғасын таба берсін!
